Қарағанды облысында пәтер тонаушылардың әрекеті тоқтатылды

Қарағанды облысында пәтер тонаушылардың әрекеті тоқтатылды

Қарағанды облысында пәтер тонаушылардың әрекеті тоқтатылды. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 18 және 20 жастағы екі адамды ұстады. Зиянкестер түнде жеке үйге кіріп, ұялы телефонның керек-жарақтарын ұрлап кеткен. 40 жастағы жәбірленуші шығын сомасын 32 мың теңгеге бағалаған. Күдіктілер кінәларын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас тағы төрт қылмысқа қатысы барын анықтады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 500 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, ұсталғандардың бірінің үйінен 1 келі «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Барлық анықталған эпизодтар бір қылмыстық іске біріктірілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде