
Қарағанды облысының тұрғыны үйдің төбесінде қарасора өсірді. Қарағанды облысы ПД және Бұқар жырау ауданы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елді мекендердің бірінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады. Ол жеке үйдің төбесінде қарасора өсіретінін мойындады. Тұрғын үйді тексеру кезінде полицейлер сегіз қарасора бұтасын тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.