Теміртауда такси жүргізушінің ұялы телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Теміртауда такси жүргізушінің ұялы телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Теміртауда такси жүргізушінің ұялы телефонын ұрлаған күдікті ұсталды. Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат межелі жеріне жетіп қалу үшін такси тоқтатқан. Жолай, ол такси жүргізушінің ұялы телефоны артқы қалтасында тұрғанын көріп, оны қолды қылған. Жәбірленуші 35 жастағы азамат өзіне келген шығынды 510 мың теңгеге бағалады. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.