Қарағанды облысында ашық тонау жасаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында ашық тонау жасаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында ашық тонау жасаған күдікті ұсталды.
Қарағанды облысы, шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында ашық тонау жасады деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталды. Күдікті көшеде кездескен қала тұрғынынан қызына хабарласып алу үшін ұялы телефонын сұрап, кейін жәбірленушінің телефонын алып, оқиға орынынан ізін жасырған.  42 жастағы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 114 мың теңгені құрады. Күдікті ұрланған ұялы телефонды қаладағы ломбардтардың біріне өткізгені туралы мойындау көрсетпе белгісін беріп, кейін айғақ зат сол жерден тәркіленіп алынды.
Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің өз танысының құны 160 мың теңге тұратын тоңазытқышын ұрлау фактісіне қатысы барын анықтады. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер қозағлды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.