Қарағанды облысында көлік жүргізушіні қорқытып, ауылына жеткізіп тастауға міндеттеген күдікті ұсталды

Қарағанды облысында көлік жүргізушіні қорқытып, ауылына жеткізіп тастауға міндеттеген күдікті ұсталды

Қарағанды облысында көлік жүргізушіні қорқытып, ауылына жеткізіп тастауға міндеттеген күдікті ұсталды. Бұқар-жырау аудындық полиция басқармасына қарасты Ғ.Мұстафин кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері ашық тонау жасады деген күдікпен 23 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Күдікті Теміртау қаласында жүріп, дүкеннен заттар алып, көлігіне отырып жатқан азаматты көрген.
20 жастағы жәбірленушінің хабарлауынша, кейін ұсталған азамат сол көлікке мініп, жүргізушіні қорқытып, қалаға жақын маңдағы ауылдардың біріне жеткізуін талап еткен. Діттеген жеріне жетіп алған соң, күдікті жәбірленушінің сатып алған азық-түлігін тартып алып, ізін жасырған. Полиция қызметкерлерімен қылмыс жасаған азамат ұсталып, одан айғақ заттар тәркіленді. Тергеу әрекеттері кезінде полиция қызметкерлері күдіктінің алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Ол аудан тұрғынының бірінен шұғыл хабарласу үшін ұялы телефонын сұрап алып, кейін оны қолды қылған. Жәбірленушіге 75 мың теңге шығын келгені белгілі болды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда.