Қарағандыда тәртіп сақшылары аз уақыт ішінде тонау жасаған күдіктіні қолға түсірді

Қарағандыда тәртіп сақшылары аз уақыт ішінде тонау жасаған күдіктіні қолға түсірді

 Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ашық тонау жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл қылмысты ашуға тәртіп сақшыларына шамамен 5 минут уақыт кетті. Күдікті қаладағы автобус аялдамаларының бірінде 21 жастағы жәбірленушінің қолынан ұялы телефонын тартып алып, оқиға орынынан ізін жасырған. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады. Құқық бұзушылық туралы хабарлама полиция жасағына түсіп, олар дер кезінде күдіктіні ұстады. Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.