
Қарағандыдан арзан бағаға пәтер әперемін деп ауыл тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталды. Күдікті қаладан пәтер алмақшы болған 55 жастағы ауыл тұрғындарының бірін алдап кеткен. Белгілі болғандай, жәбірленушімен танысқан күдікті өзін мемлекеттік органдардың бірінде жұмыс істеймін деп, қаладан мемлекеттік бағдарламамен үй алуға көмектесетінін айтқан. Алайда, күдікті жасап бермекші болған жұмысына ауыл тұрғынынан 370 мың теңге ақша алып, кейін онымен байланысын үзіп, із-түссіз кеткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде