
Қарағандыда ойын приставкасын жалға беремін деп тұрғындарды алдаған алаяқтар қолға түсті. Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық деректерін ашу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында 24 пен 25 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Күдіктілер әлеуметтік желіге ойын приставкаларын жалға беретіндіктері туралы жарнама қалдырған. Жарнама берушілер сондай-ақ, ойын приставкасын жалға алатындарға алдын ала төлем жасау керектігін айтып, есеп шот қалдырған. 22 жастағы қала тұрғыны бұл жарнама арқылы өзіне қажетті затты алу үшін алаяқтарға 750 мың теңге ақша аударып, кейін олардың алдауына түскенін білген соң полицияға арызданған. Күдіктілер жасаған қылмыстары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің осыған ұқсас бірқатар қылмысқа қатыстылығы анықталды