Қарағандыда орталық жылу құбырын қосып беремін деп тұрғындарды 23 миллионға сан соқтырған алаяқ ұсталды

Қарағандыда орталық жылу құбырын қосып беремін деп тұрғындарды 23 миллионға сан соқтырған алаяқ ұсталды

          Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 36 жастағы азаматты ұстады. Күдікті әлеуметтік желіге сантехникалық жұмыстармен қатар жер үйлерді орталық жылу құбырына қосып беретіндігі туралы хабарлама берген. Ол әлеуметтік желіге жасайтын жұмысын арзанға бағалап, алайда алдын ала ақша алу арқылы жұмыс жасайтындығы туралы жазған. Бұндай арзан қол жұмысқа өздеріне қажетті жұмыстарды жасатып алмақшы болған қаланың 9 тұрғыны аталған хабарлама бойынша алаяққа алдын ала ақша беріп, кейін оның құрбаны болған. Оларға келтірілген шығын көлемі 23 миллион теңгені құрады. Күдікті қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.