Қарағандыда полиция қызметкерлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Қарағандыда полиция қызметкерлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Қарағандыда полиция қызметкерлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, күдікті түнгілік уақытта сол ауданда орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің дәлізіне кіріп, ол жерден құны 65 мың теңге болатын велосипедті ұрлап кеткен. Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.