Қарағанды тұрғынына өзін қаржы ұйымының өкілімін деп таныстырған алаяқ оны сан соқтырып кетті

Қарағанды тұрғынына өзін қаржы ұйымының өкілімін деп таныстырған алаяқ оны сан соқтырып кетті

Қарағанды тұрғынына өзін қаржы ұйымының өкілімін деп таныстырған алаяқ оны сан соқтырып кетті. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 56 жастағы азамат ұсталды. Күдікті өзін қаржы ұйымының өкілімін деп таныстырып, 26 жастағы азаматшаға тиімді шартпен несие алып беремін деп уәде берген. Жәбірленуші оның айтқанына сеніп, «қаржы ұйымының өкіліне» өзінің барлық жеке деректерін берген. Кейін күдікті жәбірленушінің атына жалпы құны 1 миллион 400 мың теңге несие рәсімдеп, оны өзіне аударып алып, жәбірленушімен байланысын үзген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы да екі қылмысқа қатысы бары анықталды.