
Қарағанды облысында саяжайлардан ұрлық жасаған бір топ жасөспірім ұсталды. Қарағанды облысы, Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында ұрлық жасады деген күдікпен 16 мен 17 жас аралықтарындағы 5 жасөспірім ұсталды. Ұсталғандар түнгілік уақытта аудан орталығына қарасты саяжайларға барып, ол жердегі үйлердің бірінің терезесін сындырып кіріп, ішінен үш су сорғыш, электр плитасын және тағы да басқа құрылысқа қажетті дүниелерді ұрлап әкеткен. Жәбірленуші тарап өздеріне келтірілген шығын көлемін 260 мың теңгеге бағалады. Ұсталғандар жасаған қылмыстары туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің осыған ұқсас тағы да бір қылмысқа қатыстылығын анықтады. Бұл жолы ұсталғандар бірінші ұрлық жасаған үйге жақын маңдағы саяжайдан құны 60 мың теңге тұратын дәнекерлеу аппараты мен болгарка ұрлағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.