Қарағанды облысында санитарлық нормаларды бұзу дерегіне байланысты 15 мыңнан астам хаттама толтырылды.

Қарағанды облысында санитарлық нормаларды бұзу дерегіне байланысты 15 мыңнан астам хаттама толтырылды.

Қарағанды облысында санитарлық нормаларды бұзу дерегіне байланысты 15 мыңнан астам хаттама толтырылды. 15 сәуірден бастап Қарағанды облысының аумағында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама негізінде тәртіп сақшылары жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп, қаланың абаттандыру мәселесіне байланысты түсіндіру жұмыстарымен қатар абаттандыруды бұзумен көшелерді ластаудың алдын алуға негізделген рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

-Бағдарлама басталғаннан бері облыс аумағында санитарлық нормаларды бұзу дерегіне байланысты 15 мыңнан астам хаттама толтырылып, 37 миллионға жуық айыппұл салынды. Сауда үйлері, дүкен, дәмхана және жылдам тамақтану орындары, түнгі көңіл көтеру, жанар-жағармай бекеттері сияқты ұйымдар мен мекемелердің басшыларына қатысты 3082 әкімшілік хаттама толтырылып, 10 миллионнан астам айыппұл салынды,-деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция полковнигінің айтуынша бұндай әкімшілік айыппұлдардан соң жоғарыда аталған мекемелер мен ұйымдардың аулалары тазаланып, анықталған кемшіліктер жойылған.

Сондай-ақ, жзүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары көпқабатты үйлердің ауласында тазалықтың болмауы және қоқыстардың шашылып жатуына байланысты 115 пәтер үйлері кооперативінің төрағалары мен көпқабатты үйлерге жауапты тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

-Полиция департаментімен барлық қала аудандарда сайттар ашылды. Сол сайттарға қала аудан тұрғындары абаттандыруды бұзу деректері бойынша ақпарат жіберуге мүмкіндігі бар. Осы бағытта абаттандыруды бұзып, қаланы ластауға бей-жай қарамайтын қала –аудан тұрғындарының көмегімен облысымызды көркейтуге байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Түскен барлық хабарламалар бойынша тәртіп сақшылары тиісті жұмыстар атқаруда,-деді Жасқайрат Қайыров.

Қарағанды қаласының 21 ықшам ауданы тұрғындарының балалар ойнайтын алаңқайда арамшөптің өсіп кетуіне байланысты сол алаңды күтуге жауапты тұлғаларға 110 мың теңге айыппұл салынды. Осыған ұқсас полицияға 250 хабарлама түсті.