
Қарағандылық тәртіп сақшылары ұрлық жасап жатқандардың үстінен түсті. Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Киров полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасап жатқан жерінен 38 жастағы азаматты ұстады. Күдікті қылмыстық әрекетін жүзеге асыру мақсатында қаладағы өндірістік мекемелердің бірінің есігінің құлыпын сындырып, оның ішінен құрал-жабдықтар ұрламақшы болған. Қылмыс орынында болып жатқан шуды естіген куәгерлер бірден полицияға хабарлаған. Арада бірнеше минут уақыт өткенде оқиға орынына жедел-тергеу тобы келіп, күдікті қылмыс орынында қолға түсті. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.