
Қарағандылық полицейлер зейнеткерге қатысты ашық тонау жасаған күдіктіні ұстады.
Қарағандылық тәртіп сақшылары ашық тонау жасады деген күдікпен 24 жастағы күдіктіні ұстады. Тонау тал түсте жасалған. Қала көшелерінің бірінде келе жатқан 76 жастағы зейнеткерге белгісіз біреу тап беріп, мойынынан алтын алқасын жұлып әкеткен. Қылмыстық оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ұсталған азамат жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.