Қарағанды облысының ПД жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы 43 жылдығын атап өтті

Қарағанды облысының ПД жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы 43 жылдығын атап өтті

Қарағанды облысының ПД жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы 43 жылдығын атап өтті
Қарағанды облысының ПД жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайының ресми ашылғанына 43 жыл толды. Онда облыс ПД басшылығы, Қарағанды облысының ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесі, Ішкі істер органдарының ардагерлері, жас қызметкерлер қатысқан салтанатты іс-шара өтті.
– Баршаңызды осы айтулы күн – мұражайымыздың 43 жылдығымен құттықтаймын. Ол 1976 жылдан бастап ұйымдастырыла бастады және 1981 жылы 3 шілдеде ашылды. Мұражайдың алғашқы директоры Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Иван Васильев болды. Ол уақытта оның қорында 600 экспонат болды, ал қазір 3 мыңнан астам. Мұражай бүгінде оның қазіргі директорының Айжамал Айтжанованың бастамашылдығы мен табандылығының арқасында дамуын жалғастыруда, - деп атап өтті облыс ПД бастығының орынбасары Дәурен Ибраев.
Ардагерлер атынан отставкадағы полиция старшинасы Николай Редченко сөз сөйледі.
- Әрине, барлығына тек денсаулық, ал полиция қызметкерлеріне қызметте табыс,- тіледі ол.
Ардагер – қайсарлық пен батылдықтың жанды үлгісі. Ол ерлік жасап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
1998 жылдың қарашасында Киров полиция бөлімінің байланыс технигі, кіші сержант Николай Редченко және оның серіктесі, жедел уәкіл Нұрлан Байғаскин қарақшылық шабуыл жасаған аса қауіпті қарулы қылмыскерлерді ұстауға қатысты. Бұл ретте Н. Байғаскин өлім жарақатын алып, ал Н.Редченконың иығы мен қолы жараланды. Осыған қарамастан, ол оқ жаудырып, екі қылмыскерді сол жерде залалсыздандырды. - Мені мұражаймен байланыстыратын көп нәрсе бар. 1990 жылы шақыру бойынша – маған жобалау жұмыстарын жүргізу ұсынылды – мен мұражайға барып, сол жерде директор – Иван Алексеевич Васильевпен кездестім. Әр стенд бойынша жұмыс істедім. Қызықты болды. Әрі қарай да менің ынтымақтастығым жалғасын тапты. Мұражай-тірі организм, үнемі жаңа экспонаттар, жаңа стендтер пайда болады, бірдеңені қайта жаңғыртуды қажет етеді, - деді Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Игорь Баграмов.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева облыс ПД жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайына қарағандылық жас суретші Евгений Кимнің "Жеңіс жүздері" картинасын сыйға тартты. Онда Кеңес Одағының Батыры алтын медальдарымен және Даңқ ордендерімен марапатталған 44 қарағандылық бейнеленген.
-Айжамал Айтжанова екеуміз бұрыннан доспыз. Мұражай қызметкерінің жұмысы өте ауыр екенін айтқым келеді. Естеліктерді жинау және оны сақтау оңай емес. Ең бастысы, бұл мұражайда ардагерлер мен жас қызметкерлерді, өткенді, бүгінді және болашақты байланыстыратын жіп бар», – деді Б.Құдабаева.