
Телефонды қыздың қолынан тартып алған әйел Қарағанды облысында ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
8 шілдеде Теміртауда әйел 18 жастағы қыздың қолынан ұялы телефонын тартып алып, жоғалып кетті. Материалдық залал 60 мың теңгені құрады.
Келесі күні-ақ Қарағанды қалалық ІІБ Орталық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 31 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Жәбірленушінің ұялы телефоны одан алынып, заңды иесіне қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы, 1 бөлімі «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.