Қарағанды қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша акция өткізілуде
"Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Заңының күшіне енуі туралы Қарағанды полицейлері қоғамдық орындарда хабарлауда. Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері супермаркет алдында жадынамалар таратып, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатылғаны туралы жеткізуде. Сонымен бірге отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына психологтар мен заңгерлер көмектесетін дағдарыс орталықтарына жүгінуге болатындығын түсіндіруде.
- Мұндай акцияларды жиі өткізу керек, жақын адамды ұрғаны үшін жаза барын, олар құзыретті қызметтерге көмекке жүгіне алатынын тұрғындар білулері керек, - деп өз ойымен бөлісті қарағандылық Виктория Лисневская.
– Жақындарыңыздың, көршілеріңіздің немесе достарыңыздың қайғы-қасіретіне бей - жай қарамаңыз, оларға көмек қолын созыңыз - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде үнсіз қалуға болмайтынын түсіндіріңіз, - деді Октябрь ПБ бастығының орынбасары Айдын Бәкенов.
Акцияға полицейлермен бірлесіп Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.