Сүйіктісіне жалған ақшамен құшақ гүл сыйлаған алаяқ Қарағанды қаласында ұсталды

Сүйіктісіне жалған ақшамен құшақ гүл сыйлаған алаяқ Қарағанды қаласында ұсталды

Сүйіктісіне жалған ақшамен құшақ гүл сыйлаған алаяқ Қарағанды қаласында ұсталды. Қарағанды қаласында криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында тауарды жалған 20 мыңдық номиналға сатып алған 23 жастағы күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, алаяқ тәулік бойы жұмыс істейтін гүл сату орынына барып жалған ақшаға сүйіктісіне гүл сатып алған. Онымен тоқтамаған күдікті тағыда осындай ақшаға сол маңға жақын жердегі асханадан таңғы асын ішкені анықталды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.