
Полиция қызметкерлері арнайы техникалардың құрылғыларын ұрлап әкеткен күдіктіні анықтады.
Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері арнайы техникалардың құрылғыларын ұрлаған азаматты анықтады. Тәртіп сақшылары қала сыртында өздеріне бекітілген аумақта қызмет атқару барысында 41 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Аталған көлікті тексеру барысында полиция қызметкерлері 26 дана металл бөлшектерін тауып алды. Белгілі болғандай жүргізуші жалпы құны 500 мың теңгеден асатын бұрғылау муфталарын әкетіп бара жатқан. Алайда, жүргізушіде аталған заттарды тасымалдау бойынша ешқандай құжаттар болған жоқ. Сондықтанда ол тексеру кезінде көліктегі заттарды қаладағы мекемелердің бірінен ұрлап алғанын айтты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.