
Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары! Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, консультациялық құқықтық қолдау көрсету, сонымен қоса көлік құралдарын тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, көші-қон заңнамасын сақтау және тағы басқа сұрақтар бойынша 14 мен 15 маусым аралығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі. Акция барысында азаматтарды мобильді қабылдау Тәттімбет көшесі № 709 мекенжайы бойынша орналасқан «Арлан Моторс» бизнес орталығының алаңында сонымен қатар К.Маркс 9 көшесі, «Үмай» сауда орталығының алаңында жүргізіледі.
Акцияны өткізу кезінде Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде облыстың полиция департаментінің басшы құрамымен @policeofkaraganda парақшасынан (күнделікті сағат 10:00-де), сонымен қатар @uap09region парақшасынан (күнделікті сағат 12:00, 16:00-де) онлайн-сөйлесу ұйымдастырылатын болады, олар арқылы қызықтыратын сұрақтарға толық жауап алуға болады.
Акция кезінде +7-708-826-80-22 нөмір бойынша «жедел желі», сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне +7 (7212) 42-93-39 сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылған.