
Қарағандыда зейнеткердің ақшасын ұрлап кеткен қалта ұрысы ұсталды. Қарағанды қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлерімен қала көшелерінің бірінде жүргізілген іс-шаралар барысында аялдамадан 43 жастағы қалта ұрысы ұсталды. Күдікті тәртіп сақшыларына қоғамдық көлікте келе жатқанда егде жастағы азаматшаның әмиянын ұрлап кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Белгілі болғандай әмиянда банк картасы және 30 мың теңге ақша болған. Полиция қызметкерлері 72 жастағы жәбірленушіні анықтап, оған ұрланған заттарын қайтарып берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.