Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Президенттік көпсайыстан полицейлер арасында турнир өтті.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Теміртау қаласында Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Президенттік көпсайыстан турнир өтті. Аталған іс-шараға Полиция департаментіне қарасты қалалық және аумақтық полиция бөліністерінен 9 команда қатысты. Президенттік көпсайыс барысында ПМ тапаншасын ату, жүзу, граната лақтыру, 60,100,1000 және 3000 метрге жүгіру, 50 және 100 метрге жүзу сияқты спорт түрлерінен тәртіп сақшылары өзара бақ сынасты. Күн ұзаққа созылған жарыс қорытындысы бойынша командалар арасында бірінші орынды Теміртау қалалық полиция басқармасы жеңіп алса, екінші Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, ал үшінші орынды Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімі місе тұтты. Жеке есепте ПМ тапаншасын атудан жеңімпаз атанған облыстық Полиция департаменті, Арнайы жұмылдандыру және даярлық басқармасының қызметкері Н.Сагадиев жеңіп алса, 50 метр қашықтыққа жүзуден бірінші орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгері А.Тлеуберлин, 100 метр қашықтыққа жүзуден «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының қызметкері Н.Бөдеев, 60 метр қашықтыққа жүгіруден Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері А.Асқар, 100 метр қашықтыққа жүгіруден Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Е.Жармағантов, 3000 метр қашықтыққа жүгіруден Арнайы жұмылдыру және даярлық басқармасынан М.Шаримов, граната лақтырудан М.Шаримов сыңды қызметкерлер алдыңғы қатардан көрінді.
Жеңімпаз командалар мен қызметкерлер «Динамо» денешынықтыру қоғамдық ұйымының медаль және кубоктарымен сондай-ақ, департамент бастығының грамоталарымен марапатталды.