Теміртауда жасөспірімді тонап кеткен қылмыскер ұсталды

Теміртауда жасөспірімді тонап кеткен қылмыскер ұсталды

Теміртауда кәмелетке толмаған баланың қолынан телефонды тартып алған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 6 шілдеде 49 жастағы қала тұрғыны Теміртау қаласының УЕ Ескі қалалық полиция бөліміне жүгінді. Әйел Тоқтаров көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу кәмелетке толмаған ұлының қолынан ұялы телефонын тартып алып, жоғалып кеткенін айтты. Келтірілген шығын 35 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұрланған ұялы телефон тәркіленген 22 жастағы қылмыскерді ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы, 1 бөлімі «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.