
Қарағанды облысында үйінің орнында қарасора өсіретін ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 6 шілдеде «Қарасора-2020» жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жезқазған қаласы есірткі қылмысы бөлімінің қызметкерлері Сәтбаев қаласы маңында орналасқан ауылдардың бірінің 37 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам үйінің орнында 99 қарасора бұтасын өсіргені анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі «Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.