«Монша саламын» деп елді сан соқтырған күдіктінің ісі сотқа жолданды

«Монша саламын» деп елді сан соқтырған күдіктінің ісі сотқа жолданды

«Монша саламын» деп елді сан соқтырған күдіктінің ісі сотқа жолданды. Қыс айларында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімдеріне қала тұрғындарынан 39 жастағы азаматқа қатысты бірнеше арыз түсті. Белгілі болғандай 39 жастағы қала тұрғыны арызданушыларға ағаштан монша салып беремін деп ақша алған. Жәбірленушілердің әр қайсысы моншаның көлеміне қарай 800 мың теңгеден басталған. Келісілген ақшаны күдікті алып алған соң, моншаға тапсырыс бергендерді күнде ертеңмен алдап, жарты жылға дейін жұмыстың жасалып жатқанын айтып, жәбірпленушілерді алдап келген. Арада қыс, жаз, көктем мен күз өткен соң, не ақшасына не берген тапсырысына қол жеткізе алмаған жәбірленушілер полицияға арызданған. Тергеушілер түскен арызды тыңғылықты зерделеп, аталған жағдайда алаяқтық қылмысының барына көз жеткізген. Криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушілермен күдіктінің арасында болған хат алмасуларды зерделеп, күдіктіден зардап шеккен 70 жәбірленушіні анықтады. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 100 миллион теңгені құрады. Арада бірнеше уақыттың өткеніне қарамастан, тергеушілер барлық айғақ заттар мен қылмысқа қатысты деректерді жинақтап, күдіктіге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Енді елді сан соқтырған 39 жастағы алаяқ сот алдында жауап беретін болады.