Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалған Жасқайрат Қайыровты таныстырды. Бұған дейін Жасқайрат Қайыров Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Негмет Исмагулов Жасқайрат Қайыровтың осы бағыттағы жұмыс тәжірибесінің мол екендігін атап өтті. Сондай-ақ министрлік әзірлеген, өңірдің аумақтық полиция бөлімшелерінің практикалық қызметіне енгізілетін инновациялар бойынша жұмыс күтіп тұрғанын айтты және жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.