Сәуір айының 22 мен мамыр айының 17 аралығында Қарағанды облысының аумағында азаматтардан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акциясы өткізілді

Сәуір айының 22 мен мамыр айының 17 аралығында Қарағанды облысының аумағында азаматтардан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акциясы өткізілді

Сәуір айының 22 мен мамыр айының 17 аралығында Қарағанды облысының аумағында азаматтардан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акциясы өткізілді. Аталған акцияның шеңберінде 2024 жылғы 17 мамыр жағдай бойынша Қарағанды облысының ішкі істер органдарына 58 азамат арызбен жүгінген, нәтижесінде олармен ерікті түрде 63 бірлік әр түрлі атыс қаруы, сонымен қатар 952 дана ойық ұңғылы атыс қаруының оқтары тапсырылды. Бүгінгі таңда, халықтан заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат толық игерілді және борышкерлік қарызды болдырмау үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2024 жылғы 29 наурыздағы, халықтан заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша нұсқауының талаптарын орындау мақсатында, аталған акция 17.05.2024 жылы сағат 24.00-де тоқтатылды.
Бұдан әрі, Ішкі істер органдарына заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдірген азаматтардан, оларды қабылдау сыйақы төлеусіз жүзеге асырылатын болады.