Қарағандылық полицейлер бір ай ішінде 33 рет үйлерінен өз еркімен шығып, жоғалып кеткен балаларды іздеуге шыққан

Қарағандылық полицейлер бір ай ішінде 33 рет үйлерінен өз еркімен шығып, жоғалып кеткен балаларды іздеуге шыққан

Қарағандылық полицейлер бір ай ішінде 33 рет үйлерінен өз еркімен шығып, жоғалып кеткен балаларды іздеуге шыққан.
Сәуір айында болған бұндай статистикалық мәліметті облыстық Полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты ювеналдық полиция тобының аға иснпекторы Әсел Омарова мәлімдеді. Жоғалып кеткен балаларды іздеу жұмыстарына тек ювеналдық полиция тобының инспекторлары ғана емес, полиция департаментінің жеке құрамымен қоса еріктілерде жұмылдырылады. Полициямен еріктілердің дер кезіндегі әрекеттерінің арқасында барлық балалар табылып, аман-есен үйлеріне қайтарылды. Олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, 16 жастағы өңір тұрғынын іздеу үшін тәртіп сақшылары алдымен Алматы қаласына, кейін Алматы облысына, Қарағанды қаласында іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалып кеткен жасөспірім үйіне бармай танысының үйінде болған жерінде табылды. Жасөспірім қыз осындай әрекетпен үйінен бірнеше рет кетіп қалған. -Үйлерінен өз еріктерімен кетіп қалған 33 баланың ішінде 9 кәмелеттік жасқа толмаған бала үйінен бірнеше мәрте шығып кеткендер. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, арнайы есепке қойылды. Сондай-ақ, жыл басынан бастап түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз бейсауат көшеде жүрген 1416 баланың ата-аналары жауапкершілікке тартылып, 58 бала түнгі көңіл көтеру орынынан анықталды. Екі жасөспірімнің мінез-құлқына ерекше талап қойылып, 8 оқушы арнайы оқу орынына жіберілсе, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына 45 бала орналастырылды,-деді Әсел Омарова.