Қарағандыда ізін жасырмақшы болған автоұрысы ұсталды

Қарағандыда ізін жасырмақшы болған автоұрысы ұсталды

Қарағандыда ізін жасырмақшы болған автоұрысы ұсталды.
35 жастағы қарағанды қаласының тұрғыны 6 мамыр күні таңертеңгілік уақытта туысының үйіне келіп, өзіне тиесілі автокөлікті үйдің ауласындағы автотұраққа қойған. Арада бірнеше уақыт өткенде далаға шықса, белгісіз біреу жәбірленушінің автокөлігін айдап әкеткені белгілі болды. Жәбірленуші бірден полицияға арызбен жүгінген. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешінді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камералары зерделеніп, нәтижесінде 54 жастағы азамат ұсталды. Ол айдап әкеткен көлікті полиция қызметкерлерінен ізін жасыру мақсатында басқа үйдің аулаларының біріне қалдырып кеткені анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.