Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Балқаш қаласына жұмыс сапарымен барды. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Нығмет Исмагулов жұмыс сапарымен Балқаш қаласында болды. Департамент бастығы сапар барысында қалалық полиция бөлімінде болып, ол жерде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, қылмыстың алдын алу бағытында тәулік бойы жұмыс жасайтын біріңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Біріңғай байланыс орталығында полиция бөлімі және қалалық әкімдіктен 10 қызметкер жұмыс жасайды. Бұл жерде қала бойынша орнатылған барлық бейнебақылау камераларына бақылау жасайды. Сонымен қатар орталық мамандары әлеуметтік желілер арқылы полицияға және әкімдікке түскен сауалдар бойынша талдау жасап, бірден қала тұрғындарына жауаптарын беріп отырады. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында орталықтың жұмысымен танысқан департамент бастығы Нығмет Исмагулов қала орталығында орналасқан №1 учаскелік полиция пунктінде де болды. Полиция пунктінде облыстың бас сақшысы учаскелік полиция инспекторының жұмысымен танысып, отбасы-тұрмыстық салада кездесетін кикілжіңдердің алдын алу, азаматтармен тығыз қарым –қатынас жасау бағытында тапсырмалар берді. Жұмыс сапарының соңында полиция полковнигі Нығмет Исмагулов қалалық полиция бөлімінің басшы құрамымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өңірдің тәртіп сақшыларының алдына қойған міндеттерін жеткізіп, құқық бұзушылықпен күрес, интернет алаяқтығының алдын алу бағытында бірқатар тапсырмалар берді.