Сәтбаев полициясы алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады

Сәтбаев полициясы алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады
Сәтбаев қаласының полиция бөліміне әйел адам алаяқтық туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz. 22 маусымда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, шамамен екі жыл бұрын белгісіз ер адам алдау жолымен, күйеуіне жұмыс табамын деп, 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 26 жастағы жігітті анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.