
Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің оған тиесілі саяжайдағы үйіне құлып бұзу арқылы кіріп, тоңазытқыштың маторын ұрлап кеткені туралы арызданды. Оған келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар 49 жастағы күдікті ұсталды. Ол ұрланған заттарды металл қабыладу орынына тапсырғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді.
Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Күдікті қылмыстардың барлығын бір саяжайдан ұрлағаны белгілі болды.
Тергеу әрекеттері аяқталған соң қылмыстық іс сотқа жіберіліп, қысқартылған тәртіппен қарастырылды. Сот шешімімен оған үш жыл бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды. Сондай-ақ, күдікті жазасын өтеу мерзімі кезінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы қолданылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.