
Қарағанды қаласының тұрғынына пәтер «сатқан».
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 34 жастағы азаматшадан арыз түсті. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына алаяқтың құрбаны болғандығы туралы хабарлаған. Белгілі болғандай, жәбірленуші пәтерін кеңейтпекші болған. Сөйтіп, пәтерін ауыстыру мақсатындағы ойда жүргенде өзін құрылыс фирмасының бастығымын деп таныстырған бір азаматпен танысқан. Ол 34 жастағы азаматшаға дайын тұрған пәтерлердің бірін көрсетіп, ол пәтерді небары 10 миллионға сататынын айтқан.
Жәбірленуші азаматша бұл ұсынысқа келісіп, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бастығына мобильдік қосымша арқылы бағасы 10 миллион тұратын автокөлік алып берген.
Арада бірнеше уақыт өткенде жәбірлернуші азаматша тұрғын үй кешеніне келіп, өзі қоныстанамын деген пәтерге барса, ол жерде заңды құжаттармен басқа біреудің тұрып жатқаны анықталға. Ал жәбірленушінің ақша аударған адамы алаяқ болып шыққаны белгілі болды.
Тәртіп сақшыларымен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында осы іске қатысы бар 46 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілірен беріп, айғақ зат ретінде автокөлік тәркіленді.
Алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде