20 наурызда Қарағанды облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шакенов Білім басқармасының алаңында Қарағанды облысы бойынша Білім бөлімідерінің басшыларымен және оқу орындарының директорларымен көктемгі демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасында алдын алу шараларын күшейту мәселелері бойынша онлайн - кеңес өткізді.
Көктемгі демалыс кезеңінде жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында ағымдығы жылдың 22-24 наурыз аралығында, Қарағанды облысының аумағында «Демалыс» атты профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, сондай-ақ 27-30 наурыз аралығында «Түнгі қаладағы балалар» акциясын өткізу жоспарланған.
Аталған іс-шаралар кезеңінде қолайсыз отбасыларды, күндізгі және түнгі уақытта кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. Ойын-сауық мекемелері бойынша және жастардың шоғырлануы орындарда рейдтер жүргізіледі.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, демалыс кезеңінде балаларды бақылауды күшейту қажеттілігі туралы біз ата-аналарға және заңды өкілдерге жүгінеміз. Олардың әлеуметтік шеңберіне және уақыт өткізулеріне қызығушылық танытыңыз