
Қарағандыда еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 15 шетелдік анықталды.
Қарағанды облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде "Мигрант"жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Мәселен, ЖПІШ барысында Қарағанды мейрамханаларының бірін тексеру кезінде полицейлер заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 15 шетелдік Өзбекстанның азаматтарын анықтады. Бұл ойын-сауық мекемесінде олар құрылыс жұмыстарымен айналысқаны белгілі болды.
Осы факті бойынша жұмыс беруші ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 369 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, шетелдіктерге қатысты әкімшілік материалдар жасалды, олар соттың қарауына жіберілді.