Қарағанды полицейлері құрылыс алаңынан металл ұрлаушылардың жолын кесті

Қарағанды полицейлері құрылыс алаңынан металл ұрлаушылардың жолын кесті

Қарағанды полицейлері құрылыс алаңынан металл ұрлаушылардың жолын кесті.
Қарағанды қ. ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін атқару барысында, сағат 19.00 шамасында, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында орналасқан ГАЗель жүк көлігіне назар аударды. Белгісіз адамдар салынып жатқан объектіден көлік құралына тиелген металл конструкцияларын шығарды. Олардың мінез-құлқы күдік туғызып, полиция қызметкерлері бұл азаматтарды ұстады.
Белгілі болғандай, 28-34 жас аралығындағы үш адам ГАЗель жүк көлігін пайдаланып, металл ұрлаумен айналысқан. Олар өздерінің қылмыстық ниеттерін соңына дейін жеткізе алмады, себебі оларға патрульшілердің қырағылығы кедергі болды. Күдіктілер ұрланғанды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсыруды көздегенін түсіндіріп, мойындады.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.