Ер адам жасөспірімдерден ұялы телефондарды алып, оларды Қарағандыдағы ломбардтарға тапсырған.

Ер адам жасөспірімдерден ұялы телефондарды алып, оларды Қарағандыдағы ломбардтарға тапсырған.

Ер адам жасөспірімдерден ұялы телефондарды алып, оларды Қарағандыдағы ломбардтарға тапсырған.
Қарағанды қ. ПБ Октябрь полиция бөліміне қаланың 38 жастағы тұрғыны жүгінді. Қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде белгісіз адам, оның кәмелетке толмаған ұлынан ұялы телефонын тартып алғанын хабарлады.
Криминалдық полиция қызметкерлері шабуылдаушы ұялы телефонды тапсырған ломбардты анықтады. Телефон тәркіленіп, жәбірленуші тарапқа қайтарылды. Көп ұзамай полицейлер күдікті 23 жастағы ер адамды ұстады. Ол осыған ұқсас үш фактіні мойындады. Барлық жағдайда жәбірленушілер жасөспірімдер болып табылады. Залал сомасы 30-дан 100 мың теңгені құрайды.
Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.