Халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болған полиция қызметкеріне құрмет көрсетілді.

Халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болған полиция қызметкеріне құрмет көрсетілді.

Халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болған полиция қызметкеріне құрмет көрсетілді.
Қарағанды облысының Полиция департаментінде еркін күрестен 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен «Яшар Догу» күрестен әлемінің біріккен рейтингтік турнирінен күміс жүлдегер атанған Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Эльмира Сыздықоваға құрмет көрсетілді.
Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Әділов жүлдегер атанған Эльмира Сыздықоваға ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағат табыстап, жүлдесімен және өткен 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Байрақты бәсеке Анталияда наурыз айының 7 мен 10 аралығында өтті. Нәзік жандылар мерекесі күні әріптесіміз Эльмира Сыздықова боз кілемде Қырғызстан құрама командасының спортшысымен белдесуін өткізді.
-Қарсыласыммен барымды салып белдестім. Алайда, оның бағы жанып мені жеңіп кетті,-дейді Эльмира Сыздықова.
Дегенмен бұл жарыс полиция капитаны үшін тыңғылықты дайындалуға тағыда серпін беріп, алдағы Олимпияда ойындарында «алтын» медаль алуға үміт отын жағатыны белгілі.
Эльмира Сыздықова еркін күреспен 18 жастан бастап айналысқан. Бұл жарысқа Қарағандыда алғаш рет қыздар арасында еркін күрестен эксперименттік секция ашылған кезде ағасының айтуы бойынша келгенін айтады. Осыдан бастап оның спортқа деген қызығушылығы артып, бүгінде бірнеше халықаралық турнирлерде еліміздің көк туын көкке желбіретуде. Спорт сайыстарында алдына жан салмаған спортшы, 2017 жылдан бастап ішкі істер органдарында да абыройлы қызмет атқаруда.
Бабы мен бағы қатар жанып, байрақты бәсекелерде алдына жан салмаған Эльмира Сыздықова әлемдік рейтингте 4 –ші орында тұр. Алдағы уақытта оған тек сәттілік, қашанда жеңісті күндерде жолығуды тілейміз.