Екі жүргізуші Қарағандыда көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Екі жүргізуші Қарағандыда көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Екі жүргізуші Қарағандыда көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Қарағанды қ. ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кезекші тәулікте Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудың екі фактісін анықтады. Мәселен, олар Мұқанов көшесінде 23 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Camry маркалы автокөлікті тоқтатты. Бұл машинаның алдыңғы бүйір әйнектеріне көріністі шектейтін пленка қолданылған. Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Құқық бұзушыға 18400 теңге айыппұл салынды.
Республика даңғылында бір сағаттан кейін полицейлердің назарын 23 жастағы ер адам басқарған Mercedes-Benz аударды, көлік толығымен тонировка жасалынған. Іс жүргізу кезінде ол осындай бұзушылық үшін бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Іс жүзінде хаттама жасалып, жүргізушіге 73840 теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.