Қарағандылық полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің қайтадан темір тұлпар тізгіндеуіне жауапкершілік көзделгенін еске салды

Қарағандылық полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің қайтадан темір тұлпар тізгіндеуіне жауапкершілік көзделгенін еске салды

Қарағандылық полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің қайтадан темір тұлпар тізгіндеуіне жауапкершілік көзделгенін еске салды. Жыл басынан бастап, қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік жүргізу құқығынан айырылса да темір тұлпар тізгініне отырған 287 жүргізушіні анықтады. Оның 11-і бойынша жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылғандар. Барлық кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 11 наурыз күні сағат 24.00 шамасында Қарағанды қаласының Гоголь көшесінің бойында тәртіп сақшылары бұған дейін 7 жылға автокөлік жүргізу құқығынан айырылған Chevrolet автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Аталған дерек бойынша жүргізушіге хаттама толтырылып, материалдары сотқа жолданып, жүргізушіге 184 мың теңге айыппұл салынды.
-Сондай-ақ, патрульдік полиция қызметкерлерімен жүргізілген алдын алу жұмыстары барысында бұрын ішімдік ішкен күйде көлік тізігініне отырғаны үшін жүргізу құқығынан айырылған 10 жүргізуші анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген,-деді Қарағанды қалалық Полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин. 2021 жылы 22 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Осыған қарамастан, жоғарыда аталған азамат ішімдік ішкен күйде көлік тізгініне қайта отырып, қаладағы ықшам аудандардың бірінде ұсталды. Медициналық сараптама оның масаң күйде екенін көрсетті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
-Егер көлік жүргізушілер тарапынан көлікті ішімдік ішкен, есірткі қолданған күйде басқарғаны үшін 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 1200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту не болмаса өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыра отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді,-деп еске салды Шахназар Салин