
Балқаш қаласының полицейлері «синтетикалық» есірткі сатушының қызметіне тосқауыл қойды.
Балқаш қалалық полиция бөлімі есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында аса ірі көлемде есірткі саттарын сақтап, сату күдігімен 23 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Ол тәртіп сақшыларының назарына Балқаш қаласына кіре берістегі дәмханалар маңында ілікті. Күдіктіге жүргізілген тінту жұмыстары барысында одан шамамен 1 гр. ақ түсті заттар тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күдіктінің жасырып кеткен жерінен тағы да 200 гр. заттар тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың «эфедрон» синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.