Балқашта көлік жуу орынынан өзгенің темір тұлпарын мініп кеткен күдікті ұсталды

Балқашта көлік жуу орынынан өзгенің темір тұлпарын мініп кеткен күдікті ұсталды

Балқашта көлік жуу орынынан өзгенің темір тұлпарын мініп кеткен күдікті ұсталды.
Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы көлік жуу орындарына қалдырған қала тұрғынының темір тұлпары жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. 42 жастағы жәбірленуші аталған жерге көлігін жууға тастап кеткенін, қайтып келгенде көліктің ол жерде болмай шыққанын айтты. Оған келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында автокөлік жол-көлік оқиғаларының белгілерімен қаладағы ықшам аудандардың бірінен табылды. Тәртіп сақшылары бұл іске қатысы бар деген күдікпен сол жерде жұмыс істейтін 31 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Ұсталған азамат көлікті мініп келу үшін алғанын, жолай көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.