Шахтинскта полиция қызметкерлері қызыл жалында қалған адамды құтқарды

Шахтинскта полиция қызметкерлері қызыл жалында қалған адамды құтқарды

Шахтинскта полиция қызметкерлері қызыл жалында қалған адамды құтқарды.
Ақпанның 26 нан 27 қараған түні Шахтинск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Станционный көшесінің бойында гараждан өрт шыққандығы туралы қоңырау түсті.
-Өрт шыққандығы туралы ақпарат түскенде біз өзімізге жүктелген аумақта қызмет атқарып жүргенбіз. Арада екі-үш минут өткенде оқиға орынына келдік. Сол уақытта өрт шыққан жерге тағы да бір патрульдік экипаж келді. Инспекторлар Фархат Байжановпен Тимур Тлеужанов гаражға келетін жол тар болғандықтан жедел жәрдем көлігінің келуіне кедергі болмау үшін жолды жапты. Ал мен, Дулат Ситахметовпен қойу түтін шыққан гаражға қарай жүгірдім. Гаражға кіру есігі жабық болғандықтан қиынға соқты. Оны сындыруға тырысып жатқанымызда, өрт сөндірушілер келді. Содан кейін олар ломмен сындырып, кіруге болатындай етіп ашты. Сол кезде жерде жатқан адамды көрдік. Дулат екеуміз оны далаға алып шығып, қырыннан жатқызып, бетін қармен сүрттік. Алып шыққан адамымыз қозғала бастағанда, көңіліміз орынына түсті,-дейді Шахтинск қалалық полиция бөлімі, патрульдік полиция взводының инспекторы Санжар Ильяс. Полиция қызметкерлері құтқарған адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Онда күйік шалған болмаса да түтінмен көп демалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция қызметкерлерімен өрт сөндірушілердің дер кезіндегі әрекеттерінің арқасында 43 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өмірі ажалдан аман қалды. Алдын ала болжам бойынша, қала тұрғыны кешкілік уақытта ішінде автокөлік, газ жылытпасы және газ баллоны бар гаражда қалған. Ол газ жылытпасын қосып, кейін оны құлатып алған. Өрт шыққан уақытта ол есікке қарай жетіп, кейін иіс тигеннен есінен танып қалған. Өрттің шыққанын сол гаражға жақын жерде орналасқан көлік жөндеу орынының жұмыскерлері көріп, полицияға қоңырау шалған.