Қарағандыда полиция қызметкерлері қалта ұрысын қылмыс үстінде ұстады

Қарағандыда полиция қызметкерлері қалта ұрысын қылмыс үстінде ұстады

Қарағандыда полиция қызметкерлері қалта ұрысын қылмыс үстінде ұстады. Қарағанды қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерде қылмыстың алдын алу, қалта ұрлығына жол бермеу мақсатында алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шара барысында аялдамалардың бірінде қоғамдық көлікке отырып жатқан азаматшаның қалтасынан әмиянын ұрлап алған күдіктіні байқады. Белгілі болғандай, ұрланған әмиянда 12 мың теңге ақша болған. Полиция қызметкерлері қалта ұрысын бірден қолға түсірді. Оның 40 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Тәртіп сақшыларымен әмиянның иесі 60 жастағы жәбірленуші анықталды. Ол ұрланған заттарын тауып, қайтарып берген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.