Қарағандылық тұрғынның ақшасымен құжаттарын ұрлап кеткен су жеткізуші ұсталды

Қарағандылық тұрғынның ақшасымен құжаттарын ұрлап кеткен су жеткізуші ұсталды

Қарағандылық тұрғынның ақшасымен құжаттарын ұрлап кеткен су жеткізуші ұсталды.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша бұған дейін үйіне 20 литр суға тапсырыс берген. Белгіленген уақыта пәтердің есігін қағып, жас шамасы 18-20 аралығындағы азамат су әкеліп беріп кеткен. Ол кеткен соң арызданушы өз жұмыстарымен сыртқа шықпақшы болған. Алайда, жұмбақ күйде ішінде жүргізуші куәлігі, жеке бас куәлігі және ақшалары бар әмияны жоғалып кеткен. Келтірілген шығын 250 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жасар қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.