Теміртауда сатушыны пышақпен қорқытып, шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Теміртауда сатушыны пышақпен қорқытып, шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Теміртауда сатушыны пышақпен қорқытып, шабуыл жасаған күдікті ұсталды.
Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне аумаққа қарасты дүкендердің бірінің сатушысына шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 60 жастағы сатушы тәртіп сақшыларына сағат 13.00 шамасында дүкенге белгісіз біреу кіріп, кенеттен қалтасынан пышақ алып шығып, азық-түлікпен ішімдік заттарын талап еткенін айтты. Кейін ол қолына іліккен заттарды алып, оқиға орынынан ізін жасырған.
Сатушы полиция қызметкерлеріне күдіктінің 35-40 шамасында екенін айтты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жасар қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.