Қарағанды облысының полицейлері ақпан айының басынан табиғатты қорғау заңнамасы саласында 131 заң бұзушылықты анықтады.

Қарағанды облысының полицейлері ақпан айының басынан табиғатты қорғау заңнамасы саласында 131 заң бұзушылықты анықтады.

Қарағанды облысының полицейлері ақпан айының басынан табиғатты қорғау заңнамасы саласында 131 заң бұзушылықты анықтады. Ақпан айының басынан Қарағанды облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мүдделі бөлім басшыларымен бірлесіп, жедел іздестіру топтарын құрды. Олардың міндеті – табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануды анықтау, браконьерлік фактілерді ашу, заңсыз аңшылық пен балық аулаумен, заңсыз алынған биологиялық ресурстарды сатып алумен, сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау. -ЖПШ барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 78 бірлескен рейд ұйымдастырып, нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы 131 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде үш факті бойынша балық ресурстарын заңсыз өндіру жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Браконьерлерден жалпы салмағы 228 келі әртүрлі балық, үш көлік, жалпы ұзындығы 900 метрлік аулар алынды. Сондай-ақ 128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ол балық аулау ережесін бұзудың 20 фактісі, аңшылық ережесін бұзудың 106 фактісі, қаруды алып жүру және сақтау ережелерін бұзудың екі фактісі», - дейді Қарағанды облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция бөлімінің бастығы Дәулет Досмақов.