Қарағанды облысында мас жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Алматы-Екатеринбург тас жолында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алкогольдің өткір иісі шыққан 45 жастағы ер адам басқарған HYUNDAI автокөлігін тоқтатты. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша хаттама толтырылды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Жиналған материал сотқа қарауға жолданып, құқық бұзушыны 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.