
Қарағандылық сатушы несиесін төлеу үшін өзі жұмыс жасайтын мекеменің кассасынан 1 миллионнан астам ақша жымқырған. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінің кассасынан белгісіз біреудің ақша жымқырып жүргендігі туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында бұл қылмысқа сол жерде жұмыс істейтін 35 жастағы сатушы азаматшаның қатысы бары анықталды. Күдікті азаматша бірнше несие рәсімдегенін және оны жабуға ақшасының болмағаны туралы мойындады. Сондықтанда сатушы ол несиелерін жабу үшін төрт ай көлемінде кассадан жасырын түрде ақша алып отырған. Соңында ол өзі жұмыс істейтін сауда орынына 1 миллионнан астам шығын келтірген. Қазіргі уақытта ұрлық дерегіне байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.